28 Наурыз, 2015

Мәскеудің Шереметьево әуежайында екі ұшақ соқтығысты

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-03-2015-moscow 01АСТАНА. 28 наурыз. Мәскеудің Шереметьево әуежайының Шереметьево-3 терминалында екі ұшақ қанаттарымен соқтығысып, кезекті апатты жағдай тіркелді. Соның салдарынан әуе көліктерінің сапары кейінге шегерілді. Бұл туралы lifenews.ru хабарлады. Келеңсіз жағдай А320 және А319 ұшақтары арасында болды. Бұл кезде екі әуе кемесі де жерде болғанын айта кетейік. А320-ның бортында 147 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ал келесі ұшақта жолаушылар болмаған екен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қақтығыс барысында екі ұшақтың да қанаттарында айтарлықтай ақау пайда болып, жоспарланған ұшу кестелеріне өзгерістер енгізілді. Шереметьево-3 Мәскеудегі Шереметьево әуежайындағы «Аэрофлот» әуе компаниясының қатысуымен салынған жаңа терминалдардың бірі. Пайдалануға 2009 жылы берілді. Бүгінгі келеңсіздікке байланысты аталған терминалдан ұшатын барлық халықаралық және ішкі әуе рейстері кейінге шегерілді. Бұл ұшақтардың барлығы «Аэрофлот» және SkyTeam альянсына мүше әуе компанияларына тиесілі екенін айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: lifenews.ru.