Логистика • 16 Маусым, 2026

Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?

1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 10 теміржол вокзалы және 4 платформа жаңғыртылып жатқанын, барлық нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары 94%-ға аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?

Фото: Үкімет, телеграм

Аймақ басшысының айтуынша, халықтың аз қозғалатын топтарының қажеттіліктері ескеріле отырып, құрылыс жұмыстарын 5 мердігер ұйым орындап жатыр, оған 120 жұмысшы жұмылдырылған.

Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды 

Бүгінде 8 вокзал мен платформа бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Тағы 6 жоба сараптамадан өтіп жатыр. Олардың қорытындылары жоспарлы түрде шілде айында шығады. Қаржыландыру мәселесі толығымен шешіліп отыр.

«Жобаларды жүзеге асыру үдерісі тұрақты бақылауға алынған. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп, реконструкция барысында туындайтын мәселелерді жедел шешудеміз. Барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың шілде айында аяқтауды жоспарлап отырмыз», деді облыс әкімі.

Бұдан бірер ай бұрын теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын Үкімет басшысы сынға алғаны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар