29 Наурыз, 2015

Өзбекстанда бүгін таңертең президент сайлауы басталды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-03-15-vybory_uzbekistan-01

АСТАНА. 29 наурыз. Бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша 06:00 сағатта Өзбекстанда президент сайлауына арналған барлық 14 сайлау округі бойынша сайлау учаскелері ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Бұл туралы UZ24 хабарлады. Барлық учаскелерде алдымен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік гимні ойналды. «Сайлау учаскелеріне біздің еліміздің 20 миллион 798 мың 52 азаматы тіркелген», - делінген хабарламада. Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, Өзбекстан Республикасының президенттігіне сайлау жаңа қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайда өтіп отыр. Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәртебесі көтерілді. Заңнаманы абыроймен сақтау, Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін бұлжытпай орындау жөніндегі жауапкершілік күшейтілді. Сайлау науқаны барысында бақылаушылар институты мен бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып, жариялылық пен ашықтықты қамтасыз етуге айрықша зор көңіл бөлінуде. Орталық сайлау комиссиясында әлемнің 43 елі мен 5 халықаралық ұйымнан 300-гк жуық бақылаушы тіркелген. Сайлаудың мониторингі ұдайы жүргізіліп тұрады. Сайлау үдерісін көрсетіп тұруға отандық және шет елдік БАҚ-тардың мыңға тарта өкілдері қатысып жатыр. Сайлауға келуші азаматтар төмендегі төрт кандидаттың өздері қалаған тұлғаларына дауыс бере алады: - Ислам Абдуганиевич Каримов, Өзбекстан Либеральды-демократиялық партиясы; - Хатамжон Абдурахманович Кетмонов, Өзбекстан Халық-демократиялық партиясы; - Наримон Мажидович Умаров, Өзбекстан Социал-демократиялық партиясы; - Акмаль Холматович Саидов,  «Миллий Тикланиш» демократиялық партиясы. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: UZ24
Соңғы жаңалықтар