17 Шілде, 2010

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ГФР-дің Шығыс экономика комитеті және Еуразиялық даму банкі өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Клаус Мангольдпен болған кездесуде тараптар Қазақстан – Германия сауда-экономикалық ынтымақтастығының кең ауқымдағы мәселелерін талқылады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтас­тық байланысын алдағы уақытта одан әрі белсенді дамыту жағдайы тілге тиек етілді. Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Игорь Финогеновпен болған екі жақты кездесу барысында Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберіндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38