Мемлекеттік рәміздерге қатысты өрескел әрекет Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп орта мектебінде тіркелген. Қалалық білім беру бөлімі аталған видео 5 ақпан күні түсірілгенін мәлімдеді. Оқу ұйымының қызметкерлері Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы №137 бұйрығына сәйкес әрекет еткен.
Мемлекеттік Туды қорлаған 4 адамға сот шешімі шықты
«Мектеп комиссиясы ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін заттарды жою бойынша жұмыс жүргізді. Бұл процедура тиісті актімен ресімделген. Аталған іс -әрекеттерді бейнетіркеу тек қызметтік мақсатта жүргізілді және таратуға арналмаған», деп хабарлады Павлодар қаласының білім бөлімінен.
Әлгі бейнежазбаның әлеуметтік желіде қалайша тарап кеткені белгісіз. Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне тиісті бақылаудың болмауына байланысты мектеп басшысына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылған.
Павлодар облысы