Үндеуде Қамчыбек Ташиев қызметтен босатылуы өзіне «күтпеген жағдай» болғанын атап өтеді. Айтуынша, ол бұған дейін жасалған операциядан кейін тексеруден өту үшін президенттің рұқсатымен шетелге шыққан. Сол уақытта қабылданған шешім тосын болғанымен, мемлекет басшысының шешімі қандай жағдайда да орындалуға тиіс екенін баса айтқан.
«Мен мемлекетімізге, халқымызға және президентке адал қызмет еттім және мұны мақтан тұтамын. Өкінетін бір ғана жайт бар, жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмеді. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің әрбір қызметкеріне алғыс айтып, табыс тілеймін», делінген үндеуде.

Сондай-ақ Қамчыбек Ташиев азаматтарды заңды сақтауға, арандатушылыққа жол бермеуге шақырып, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық тыныштықтың маңызын атап өткен.
Еске салсақ, бұған дейін Қамчыбек Ташиев Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметтерінен босатылған еді.