ҚАРАҒАНДЫ. 19 тамыз. Қарағанды облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің гимнасшылары спорттық акробатикадан өткен халықаралық «Кубок Волкова» турнирінде сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ресейдің Великий Новгород қаласында өткен бұл жарысқа тоғыз елдің 138 спортшысы қатысқан болатын. Ел құрамасының сапында өнер көрсеткен қарағандылық гимнасшылар тамаша табысқа қол жеткізді. Атап айтқанда, аралас жұптар арасында Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк алтын жүлдеге ие болды. Қыздар арасындағы топтық сында Катя Петришина, Александра Балагутина және Алена Киселева күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал қыздар арасындағы жұптасып өнер көрсетуде Аруана Жүнісова мен Гауһар Төлебаева қола жүлдені қанағат тұтты.
Бұл турнирге спортшыларды хореограф Ирина Балагутина, жаттықтырушылар Ирина Загриценко және Ботагөз Байбакушева дайындаған.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
• 19 Тамыз, 2015
Қарағандылық акробаттар алтын, күміс және қола алды

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше