29 Наурыз, 2015

Бүгін Ташкентте қар жауады деп күтілуде

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-03-15-sneg-snow-in-tashkent(2)

АСТАНА. 29 наурыз. Өзбекстан гидромет қызметінің мәліметінше, бүгін Өзбекстанда аздаған жауын-шашын болып, ол қар түрінде көрінеді деп күтіліп отыр. Бұл туралы UZ24 порталы хабарлады. «Қазір Ташкенттегі ауа температурасы 0…+2 градусқа дейін төмендеді. Оқтын-оқтын жаңбыр және қар секілді жауын-шашын түрлері болуы ықтимал. Түнгі температура -4... -2 белгісінде ұсталады», - делінген хабарламада. Елдің басқа өңірлерінде де жауын-шашын болып, ауаның суытатыны байқалады. Тек солтүстікте ғана ашық күн райының көшпелі бұлтпен ауысып тұруы сақталады. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: UZ24.
Соңғы жаңалықтар