29 Наурыз, 2015

Комментатор Николай Озеровтың ұлы 8 жылға сотталды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-03-15-arest-1

АСТАНА. 29 наурыз. Кеңес заманындағы атақты спорт комментаторы Николай Озеровтың ұлы пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, сегіз жыл алты айға түрмеге қамалды. Бұл туралы Lenta.Ru хабарлады. Кіші Николай Озеров Мәскеу облысы Щёлковский ауданы Загорянск кентінің жергілікті өзін өзі басқару органының басшысы болып қызмет істеген. Щёлковский аудандық соты шығарған үкімге сәйкес, Озеров қызмет жағдайын пайдалана отырып, әлдекімнен делдал арқылы мүлікке иелік және ақша түрінде пара алған. Қылмыстардың жиынтығы  бойынша, сот Николай Озеровті сегіз жыл алты ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгілеген. Сонымен қатар ол жазасын өтеп шыққаннан кейін үш жылға дейін мемлекеттік билік және жергілікті өзін өзі басқару органдарында лауазымды қызметтер атқара алмайды. Бұған қоса, қатаң режімдегі еңбекпен түзету колониясында жазасын өтейтін сотталушыдан мемлекеттің есебіне 400 млн. рубль көлемінде айыппұл алынады. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Lenta.Ru.