29 Наурыз, 2015

Зидан «Реалдың» келесі бапкері болуы мүмкін

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-03-15-zidan-1

АСТАНА. 29 наурыз. Мадридтің «Реал» командасы жастар құрамының бас жаттықтырушысы, Франция құрамасының бұрынғы футболшысы Зинедин Зидан енді Карло Анчелотти кеткеннен кейін оның орнын алып, негізгі жасақты басқаруы мүмкін. Бұл туралы Football Espana хабарлады. Басылымның жазуынша, бірақ мұның нақты қашан жүзеге асатыны белгісіз. «Әңгіме кандидаттар туралы болып отырған жоқ, ол жалғыз. Жоспарға сәйкес, ол Зидан болуға тиіс. «Қазір ол екінші командамен жұмыс жасап жүр, - деді Sky Sports эфирінде белгілі журналист Грэм Хантер. – Жоспардың өзі де осында. «Реалдағылар» оның тәжірибе ала түскенін қалайды. Бұған Зиданның өзі мүдделі ғой деп ойлаймын». Анчелоттидің осы жазда «Реалда» кете қалуы қиындау. Бірақ осылай бола қалса, клуб Зизудің командат тізгінін алатын шағын тағы бір жыл күтеді». Еске сала кетейік, Зидан 2013-2014 жылдары Анчелоттидің көмекшісі болған еді. Осыдан кейін «Реал Кастильяны» басқарып кетті. Зиданның командасы қазір сегунданың В тобында төртінші болып келеді. Бұған қосатынымыз, Зинедин 2001-2006 жылдары «Реалдың» жартылай қорғаныс шебінде ойнап еді. Дамир Қожамқұл.