29 Наурыз, 2015

Арыстан мен буйволдың қанды шайқасы (фото)

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-03-15-lev_buibol-1

Табиғаттың өзі қатігез. Онда күштілер жеңеді, әлсіздер өледі. Жер-Ана жаратылғалы бері солай. Алыстағы Африка жерінде, Замбияның Оңтүстік Луангвадағы ұлттық саябағының аумағында болған мына қанды шайқас соның тағы бір куәсі іспеттес. Онда қышыма ауруына ұшыраған 6 жасар арыстан прайдтан шығарып жіберіледі. Сыртқа ашынып та, ашығып да шыққан «аң патшасының» өкілі буйволдар табынына тап береді. Бірақ мүйізді ірі қаралар оған беріле қоймады. Осылайша сағат шамасына созылған аяусыз айқас басталып та кетті. Өліспей беріспеу шайқасын қорықтың экскурсоводы Мэтта Армстронг-Форд суретке басып алған екен... Мына рәсімдерге қараған адам айқастың қалай өткенін пайымдай алады.

10-03-15-lev_buibol-2 10-03-15-lev_buibol-3 10-03-15-lev_buibol-4 10-03-15-lev_buibol-5 10-03-15-lev_buibol-6 10-03-15-lev_buibol-7 10-03-15-lev_buibol-8 10-03-15-lev_buibol-9 10-03-15-lev_buibol-10

Жекпе-жек шынында өлім мен өмірдің текетіресі болды. Алдымен қатты соққы алған арыстан қатардан шығып қалды. Бірақ бірден өле қалған жоқ. Одан құтылғанына қуанған буйвол ұрысты жерден тез кетуге тырысты. Алайда, бұл шайқаста жеңімпаз болған жоқ. Күткендегідей, алған жарақатының әсерінен арыстан екі күннен кейін жантәсілім етті. Ал буйвол сәл кейінірек, осы шайқаста арыстаннан жұққан ауруы салдарынан ажал құшты. Мұрат Айтқожа.