Бұрнағы күні Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесі шеңберінде «Астана» өз алаңында Кипрдің АПОЕЛ командасын қабылдады. «Астана-Арена» спорт кешенінде өткен кездесу нәтижесінде елордалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осы ретте стадионға 30 мың жанкүйер жиналып, рекордтық көрсеткіш тіркелгенін атап өткен жөн.
Ойынды алаң иелері өте белсенді бастады. Тіпті 4-минутта олар қауіпті шабуыл ұйымдастырып, есеп ашатын тамаша мүмкіндікке ие болды. Алайда, Бауыржан Жолшиевтің жасаған соққысына қарсыластардың қақпашысы Бой Ватерман тосқауыл қоя білді.
Дегенмен, біздің команда жылдам гол соғудың орайын келтіре алды. Матчтың 14-минутында Фокси Кетевоаманың қапталдан асырған пасына өзгелерден бұрын жеткен Бауыржан допты басымен қақпаға енгізіп, өте әдемі голдың авторы атанды. Бұл есеп үзіліске дейін өзгерген жоқ.
Екінші тайм қонақтардың басымдығымен өтті. Негізінен қорғанысқа мән беріп, қарымта шабуылдарға ғана иек артқан «Астана» қарсыластарына еркін ойнауға мүмкіндік беріп қойды. Абырой болғанда, Кипрден келген ойыншылар біздің қақпадан саңылау таба алған жоқ.
Енді командалар 26 тамызда Никосияда қарымта кездесу өткізеді. Чемпиондар лигасының топтық сайысына жолдама алу үшін «Астанаға» ол ойында тең ойнаса да жетіп жатыр.
Айта кетейік, осы жеңістен кейін Қазақстан УЕФА-ның құрама командалар арасындағы рейтингінде 31-сатыға тұрақтады. Бүгінде біздің қоржында 11,750 ұпай бар. Еурокубоктық бәсекелерде «Астанадан» бөлек, Алматының «Қайраты» да сәтті ойнап жатқанын ескерсек, бұл көрсеткішті әлі де жақсартуға мүмкіндік бар.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше