Көкшетау қаласының «Алтын бала» балабақшасында, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Салық төлегісі келмеген сараң Хасан туралы ертегі» кітабын таныстырды.
Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова сәбилерге сый-сауғалар үлестіріп, тақпақ айту мен ән жарысын ұйымдастырды. Балалармен сұхбат барысында олардың туған ел, достық, жануарлар әлеміне қатысты пікірлері бейнетаспаға жазып алынды. Мұндағы әртүрлі ойындардың өзі танымдық мазмұнға құрылады екен. Сондай-ақ, балабақша тәрбиеленушілерінің болашаққа қатысты ой-өрістерінің кеңдігі тәнті етті. Содан болса керек, «салықтық мәдениет балалық шақта қалыптасады, сондықтан біз өскелен ұрпақпен жұмыс жасауға әрдайым көңіл бөлетін боламыз», – дейді жүзі бал-бұл жанған Назгүл.
Таныстыру кезінде департаменттің бас мамандары Елнар Қазбеков пен Динара Ешімтаева болашақ 18 салық төлеушінің әқайсысына бір-бір данадан ертегі кітабын табыс етті.
Мектепке дейінгі мекеменің директоры Гүлжан Ержанова айтқандай, жаңа мемлекеттік органның балаларға қонақ болып, ерекше көңіл бөлуі қуантарлық, себебі, осы сәби шақта баланың сана сезімі дамып, тұлға ретінде қалыптасады және тәртіптік әдепке ұмтылыстары көрініс табады.
Осы ретте, мемлекеттік кірістер департаменті жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын қаладағы барлық бүлдіршіндерге «Салық дегеніміз не және оның қажеттілігі» атты кітабын сыйға тартуды жоспарлап отырғанын айта кеткіміз келеді.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
КӨКШЕТАУ.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше