ТАРАЗ. 20 тамыз. Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев Қырғыз Республикасы Шу, Талас облыстарының губернаторларымен кездесті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қос тараптың өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың талаптары, тауар айналымы, жүк тасымалы, көші-қон мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, туристер мен кәсіпкерлерге өз тиімділігін көрсететін кедендік кедергінің жойылуына қатысты шекарада орын алған өзгерістер де назардан тыс қалған жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың 12 тамызы күні Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың бесінші мүшесі ретінде қабылданып, қос мемлекеттің президенттері сегіз бірдей кеден бекетін ресми түрде алып тастаған болатын. Қазір Одаққа мүше мемлекеттердің арасын тек шекарашылар ғана күзетуде.
Айта кету керек, Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасының негізгі бөлігі Жамбыл облысының аумағынан өтеді. Жалпы ұзындығы – 716 шақырым. Екі ел арасындағы мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік қатынастар облыс аумағындағы 7 бақылап өткізу пункті арқылы атқарылады. Олар Қордай, Жамбыл, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарында орналасқан. Сондай-ақ, 6 аудан – Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов, Шу және Қордай шекаралас аумақтар болып саналады.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 20 Тамыз, 2015
Жамбыл әкімі қырғыз губернаторларымен кездесті (фото)

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше