Америкада ғалымдар парақтары зиянды бактериялар мен қоспадан суды тазартуға қабілетті, яғни сүзгіш рөлін атқаратын кітап басып шығарды.
Тіпті, олар заманауи технология үлгісінің атауын «ауызсу кітабының» парақтары деп атап та үлгерді. Бір қызығы, парақтар судың құрамындағы күмістің нанобөлшегі немесе мыс бактерияларды жояды. Екінші жағынан онда суды не үшін, қалай тазартуға болатыны жайлы тың ақпараттар жазылған.
Ғалымдар: «Кітаптың бір парағын жыртып алып, оны сүзгіш қондырғыға төсейді де, өзен, құдық, бұлақ болсын кез келген көзден алынған суды құяды. Нәтижесінде су тазарып, бактериялар жойылады», – дейді. Сондай-ақ, олар бір қағазбен 100 литр суды тазартуға болады деп отыр. Демек, өнертапқыштардың айтуынша, бір кітап шамамен төрт жылға жетеді.
Айта кетейік, сынақ ретінде тазартылған суда бактериялар 99 пайыз жойылатыны анықталды. Ал көп жағдайда адам ағзасына зиянды микробтар сүзгіден өткен суда мүлдем қалмайтын көрінеді.
Талғат РАЙЫМБЕК.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше