Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин баспасөз мәслихатын өткізді. Ол еліміздегі жаңа бағытта басталып жатқан бес институттық реформа жөнінде әңгімелеп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктеріне тоқталды.
Қазіргі кезде бес институттық реформаның ел дамуындағы маңызы мен ол туралы дамыған елдердің сарапшылары білдірген құнды пікірлер туралы айтты. Сөйтіп, еліміздің экономикасын дамытуда қозғаушы күш болатын транзиттік дәліздер мен республика аумағынан өтетін жүк ағындарының болжамына назар аудартты. Оның сөзіне илансақ, 2020 жылға қарай Қытай мен Еуропа арасында тасымалданатын жүктің 10 млн. тоннасы трансқазақстандық магистральдар арқылы өтетін болады. «Елiмiздiң көлiктiк-транзиттiк стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанды Еуразияның қуатты транзиттiк хабына айналдыру. Зерттеулер бойынша, 2020 жылға қарай Қытай мен Еуропа арасындағы сауда айналымы 800 млрд. доллардан 1 трлн. долларға дейiн жетуi ықтимал. Бiздiң мiндетiмiз, осы жүктердiң негiзгi бөлiгiн, бiздiң ұлттық мүдделерiмiзге пайдалы болуы үшін Қазақстан аумағы арқылы тасымалдануын қамтамасыз ету», деді директор.
Сала мамандарының болжамын мысалға келтіре отырып, 2020 жылға қарай Еуропа мен Қытай арасындағы сауда тауарларының 10 пайызы автомобиль және темiржол магистральдары арқылы тасымалданатынын айтты. Ал қазiргi күндегі оның үлесi бар-жоғы 1-2 пайыз шамасында ғана екен. «Сондықтан, бiз Қытаймен құрлықтық көлiктiк дәлiздердi салуға мүдделiмiз. Себебі, ҚХР мен Еуроодақ арасындағы жүк тасымалы 117 млн. тоннадан 170 млн. тоннаға дейiн артуы ықтимал деген болжам бар. Қазақстан 2020 жылы трансқазақстандық бағытқа шамамен оның 10 млн. тоннасын тартуды жоспарлап отыр. Осы мақсатты жүзеге асыруға, яғни көлiктiк-транзиттiк жүйенiң дамуына 40 млрд. доллар капитал тартылады. Бұл ауқымды шара үлкен әлеуметтiк серпiн болады деп сенеміз. Тағы да мамандардың пікіріне жүгінсек, олардың бағалауы бойынша, көлiктiк инфрақұрылымға бөлiнген 1 млрд. доллар 20 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік тудырады. Ал оған еншiлес салаларда қосымша 11 мың жұмыс орны құрылады. Бұл ұлттық экономикамыздың әлеуетiн арттыру арқылы қатпарлы әлеуметтiк мәселелердi шешуге де сеп болады», деді Е.Қарин.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері салынған маңызды теміржол магистральдарына алыс-жақын шетелдердің экономикалық сарапшылары жоғары баға беріп отырғанын жеткізген спикер, әсіресе транзиттік жолдардың аймақтағы халықаралық жүк тасымалдарының бағыттарына айтарлықтай тиімді өзгеріс жасағанына тоқталды. Өткен жылы ғана пайдалануға берілген Жезқазған – Бейнеу мен Арқалық – Шұбаркөл теміржолдары тек қазақстандық жүк тасымалдаушылардың ғана емес, Қытай мен Еуропа арасында төте әрі тиімді жол іздеген өзге елдердің көңілінен шығып отырғанын атап өтті.
Қытайдың Лянунган портынан Еуропаға өткен жылы жеткізілген 70 мың жүк контейнерінің саны биылғы жылы 150 мыңнан асып жығылады деген пікірін білдірді. Бұл порттан шыққан жүк Қазақстанның Қорғас құрғақ жүк портында пойызға тиеліп, біздің ел аумағымен Ақтау су портына жеткізілетіні мәлім. Одан әрі, қаласа Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара теміржол магистралі арқылы Иранға жеткізіліп, Парсы шығанағына шығады. Әйтпесе, су жолына түсіп, Кавказды бойлап, Еуропа елдеріне төте тартады. Осыны айтқан институт жетекшісі Қазақстан сыртқа шығатын жолдарды дамытуда бір ғана бағытпен шектелмей, әртараптылық саясатын ұстанып, экономикасын барынша тәуелсіздендіруге күш салып жатқанын қадап айтты.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22