АСТАНА. 1 шілде. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Куба сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерра Диаспен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту болашағын, сондай-ақ, биылғы жылдың күзіне жоспарланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Куба Республикасына ресми сапарына дайындық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Ерлан Ыдырысов Қазақстан мен Кубаның халықаралық ұйымдардың аясында бір-бірінің бастамаларына дәстүрлі түрде өзара қолдау танытып отырғанын атап өтті.
«Бірлескен тығыз өзара ықпалдастықтың нәтижесінде Куба Қазақстан кандидатурасының 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелігі, ал Қазақстан – Кубаның 2017-2019 жылдары БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қайта сайлану өтініміне қолдау білдіреді», – деді министр.
Сондай-ақ, тараптар білім, денсаулық сақтау және парламентаралық диалог саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы пікірлер алмасып, оларды қазақстандық-кубалық өзара әрекеттестіктің ең әлеуетті бағыттары екенін айтты.
Кездесу соңында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы кубалық тарапқа ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын алу үшін Астана кандидатурасына дауыс бергені және оның жұмысына белсенді қатысу шешімі үшін алғысын білдіріп өтті.
Сөз соңында министр: «Біздің ойымызша, бұл көрменің табысты өтуіне елеулі үлесін қосып, жаңғыртылатын энергия көздері және жасыл технологияларды дамыту саласында қазақстандық-кубалық байланыстардың кеңеюіне септігін тигізеді», – деді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше