Өскемендегі Б.Александров атындағы спорт сарайында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» облыстық турнирі жалауын көтерді. Шығыс өңірінің оқушылары арасында үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған турнир Жеңістің 70 жылдығына арналады.
«Жұлдызша» турнирі ілкідегі «Алтын шайбаның» баламасы іспетті. Турнирдің негізін қалаушы – «Алтын шайба» клубының төрағасы, атақты бапкер Анатолий Тарасов. «Алтын шайба» – балалар арасындағы ауқымды турнирдің бірі болғаны, бастауын 1964 жылдың желтоқсанынан алатыны жанкүйер қауымға белгілі. Инсбургте өткен Олимпиада ойындарындағы жеңістен соң КСРО құрамасының хоккейшілері «Пионерская правда» газеті ұжымының шақыртуын қабыл алып, редакцияға келеді. Әрине, құрқол емес. Аңызға айналған хоккейші Вениамин Александров тілшілерге канадалықтардың қақпасына соғылған, Олимпиада алтынын әперген шайбаны тарту етеді. «Алтын шайбаны» өткізу идеясы сол кезде пайда болған екен. Жалпы, «Алтын шайбаға» З.Билялетдинов, В.Мышкин, Б.Александров, В.Крутов, В.Фетисов сынды танымал хоккейшілер қатысты. Өскемендік хоккейшілер бүкілодақтық сайыстардың жүлдегері атанғаны да жанкүйерлердің жадында. 2000 жылы еліміздің Білім және ғылым министрлігі Ұлттық денешынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығы балалар арасындағы танымал хоккей турнирі «Жұлдызшаны» қайта жаңғыртты.
– Біздің бұл турнирді Жеңістің 70 жылдығына арнауымыз бекер емес. Турнирді тамашалауға келген ардагерлер, қариялар қазақстандық хоккейдің гүлденген кезеңінің куәсі болған жандар. Олар Өскемен шаһарының отандық хоккейдің ордасы болған шағын көрді. Бүгінде мемлекет, жергілікті атқарушы билік тарапынан хоккейді дамытуға қолайлы жағдай жасалуда. Өскеменде 2 мұз кешені салынды. Тура осы іспетті нысандарды жақында Зырян мен Риддер қалаларының спортшы жеткіншектеріне сыйға тартамыз, – деді турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше