АҚТАУ. 1 шілде. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында ер адам бойжеткенді көпшілік алдында аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқыс оқиға Жаңаөзендегі орта мектептердің біріне жақын жерде орын алған. Бойжеткенді көпшіліктен еш қымсынбай, тапа-тал түсте соққының астына алған жігіт қыздың жерге құлап түскеніне қарамастан, оны ұруын тоқтатпаған.
Куәгер әйелдер араша түсуге қорқып, бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен полицейлер ол жерден ес-түссіз қан-жоса болып жатқан бойжеткенді тапқан, соққы нәтижесінде қыз жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы және өзге де дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Күдікті 27 жастағы тұрақты жұмысы жоқ Жаңаөзен тұрғынын полицейлер қамауға алды. Өз кінәсін мойындаған ол бойжеткенді бұзақылықпен соққыға жыққанын айтқан.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: turkystan.kz.
• 01 Шілде, 2015
Жаңаөзенде ер адам бойжеткенді көпшіліктің көзінше соққыға жықты

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше