Жүрісінен жаңылмаған «Менің Қазақстаным!» пойызы 30 наурыз күні таңертең Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданының орталығы – Қандыағаш қаласының вокзалына келіп тоқтады. Вокзал басы нөпір халық. Жанды жадыратар əуен. Көңілді дауыс. Көтеріңкі көңіл-күй. Мұғалжар елінің ықыласы ыстық екен.
Əсіресе, «Кеше ғана Ұлыстың ұлы күнін қарсы алған Мұғалжар даласында бүгін жəне бір той жалғасын тауып отыр. «Менің Қазақстаным!» пойызының біздің ауданымызға арнайы атбасын бұруы – мұғалжарлықтар үшін мерейлі мəртебе», деп тебірене сөйлеген аудан əкімі Серік Шаңғұтовтың лебізінен сол елдің ықыласын сезінгендей болдық.
Мұғалжар – Ақтөбе облысындағы ең ірі ауданның бірі. Оның əкімшілік аумағының құрылымына 3 қала, 12 ауылдық округ, 42 елді мекен кіреді. Ауданда 66 мың адам тұрады. Мұғалжар əлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары, өндірісі мен өнеркəсібі қатар дамыған аграрлық-өнеркəсіптік аудан болып табылады. "Менің Қазақстаным!" пойызының Мұғалжар ауданында өткізген шаралары табысты болды. Келісім кеңесінің қабылдауына 17 адам келіп, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды. Жеке кəсіпкерлік саласы бойынша 49 адамға кеңес берілді. Жылжымайтын мүлікті, азаматтық хал-актілерді, заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі сұрақтар бойынша 30 адамға кеңес берілді. Сондай-ақ, 300 адамға медициналық кеңес жəне жəрдем көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 20 адам, əлеуметтік сала бойынша 30 тұлғаға кеңес берілді. Бұдан басқа, түрлі тақырыптарда семинар-тренингтерге, лекцияларға, кездесулерге 420 адам қатысты. Жастармен өткізілген акцияға 300-ден астам жас қатысты.
«Менің Қазақстаным!» пойызының құрамында келе жатқан бір топ депутаттың бар екенін бұрынғы жазған мақалаларымызда айтқан болатынбыз. Олар қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындардың түрлі сұрақтарына жауап беріп келеді. Мұғалжар ауданындағы жұмысы туралы Парламент Мəжілісінің депутаты Камал Бұрхановты əңгімеге тарттық:
– Мұғалжар ауданындағы жұмысымыз жемісті болды, – деді депутат. – Менің бір риза болғаным, қоғамдық қабылдауда болған кісілер өздерінің жеке бастарының проблемаларынан гөрі, ортақ мəселелер туралы көбірек айтты. Олар «Біздің əлеуметтік жағдайымыз жақсы. Бізде газ бар, су бар, жарық бар, тұрмысқа қажетті дүниенің бәрі бар. Тек қинап отырғаны жолдың жағдайы ғана», дейді. Жол мəселесі тек Мұғалжарға ғана қатысты емес. Бұл – болашақта шешімін табатын мəселе. Айтылған мәселелерді аудан əкімінің назарына жеткіздік. Қабылдауда болған көпшіліктің көтерген мəселелерін жазып алдық. Бұларды Астанаға барған соң тиісті орындарға жеткізетін боламыз...
Мұғалжар жұрты кешке Астанадан келген өнер қайраткерлерінің концертін тамашалады.
* * *
Ақтөбе өңірінен шыққан «Менің Қазақстаным!» пойызы 31 наурыз күні таң алакеуімде Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласына келіп атбасын тіреді. Қуаныштарында шек жоқ құлсарылықтар астаналық қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алды. «Менің Қазақстаным!» пойызын күтіп алу салтанатында Атырау облысы əкімінің орынбасары Сəлімжан Нақпаев, Жылыой ауданының əкімі Мақсым Ізбасов құттықтау сөз сөйлесе, пойыз жетекшісі Ғазиз Телебаев қарымта сөз сөйлеп, жылыойлықтардың ықыласына ризашылығын білдірді.
Жылыой ауданы – Атырау облысындағы жетекші өнеркəсіптік аймақ. Аудан көлемінде орналасқан барлық өнім өндіруші кəсіпорындар өткен жылдың қорытындысы бойынша 4 трлн. 395 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Биылғы жыл басынан 29,2 млн. тонна мұнай жəне 14,3 млрд. текше метр газ өндіріліп отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылы 60 млрд. 183 млн. теңгені құрайды. Аудан бойынша көлемі 56 726 шаршы метрді құрайтын 366 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді».
«Менің Қазақстаным!» пойызында Əділет министрлігінің бір топ қызметкері келе жатқанын бұрынғы хабарымызда айтқанбыз. Олардың ішінде Пернебай Рысбаев жылжымайтын мүлікке төлқұжат дайындау жəне мемлекеттік тіркеу мəселесі бойынша жұртшылықты қабылдайды. Əділет министрлігінің басқарма басшысы Пернебай Елемесұлы бізбен əңгімесінде өзі басқарған топтың жұмысы туралы айтып берді:
– «Менің Қазақстаным!» пойызының құрамында Əділет министрлігінің бір топ қызметкері келе жатыр. Лəйла Ермаханова адвокатура, нотариат саласы бойынша, Маржан Дінғалиева азаматтық хал-актілерін тіркеу мəселесі бойынша, Азамат Ыбыраев сот актілерін орындау мəселесі бойынша азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап беруде, – деді топ жетекшісі П. Рысбаев.
Кешқұрым əдеттегідей Құлсары қаласының тұрғындары астаналық өнер қайраткерлерінің концертін тамашалады.
Ендігі бағыт – Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы.
Шарафаддин ƏМІРОВ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35