01 Сәуір, 2015

Белсенділік танытылады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандыдағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, бұқаралық ақпарат құ­ралдарының өкілдеріне жәрдемдесу орталығында «Біз ашық, мөлдір, әділ сайлау үшін» атты тақырыпта брифинг өтті. Жергілікті журналистермен жүздесуде Қазақстан Рес­пуб­ликасында Сайлауды байқау жө­ніндегі республикалық қоғамдық комиссия филиалының төрайымы Н.Вшивцева комиссияның өңір­дегі жұмысының басталуы туралы мәлім етті. Оның президенттік сайлауларды өткізуден тәжірибесі мол екені аталып, құрамына Қа­зақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғылым мен білім және мәдениет қайраткерлері, қо­ғамдық бірлестіктер жетекшілері тартылғаны хабарланды. «Сайлауалды негізгі іс-ша­ра­лардың бірі облыстың барлық сайлау учаскелері үшін 784 бай­қаушы дайындалып, олармен се­минарлық сабақтар өткізу басталды», деген Наталья Николаевна комиссия мүшелері мен бай­қау­шылардың сайлау үдерісіне қатысушыларға тең құқықтар мен жағдайларды қамтамасыз етуге, сайлау заңнамасына сәйкес талап­тарды сақтауға жұмыс істеуге белсенділік танытуға құш­тарлықтарын айтты. Кездесуде маңызды саяси нау­қанды ұйымдастыру, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары, оны бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету жөнінде түсінік беріліп, сұрақтарға жауап қайтарылды. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.