01 Сәуір, 2015

Байқаушылар жұмысына кірісті

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елімізде тұңғыш рет «Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» атты бірлестік құрылды. Қоғамдық негізде қызмет атқаратын бірлестікті Нұрлан Ерімбетов басқарады. Бүгінде аталған ұйымның филиалдары жер-жерлерде құрылып, жұмысын бастады. Кеше осындай өкілдіктің Қызылорда облысында құрылғаны да мәлім болды. Аймақтық филиалдың төрайымдығына Мария Жомартқызы бекітілген. Комиссияның міндеті қан­дай? Жұмыс жоспары қалай түзілмек? Нақты қандай іс­тер атқарады? Осы және бас­қа да сұрақтарға Мария Жомарт­қызы мен оның орынбасары Бауыржан Мастеков журналистер алдында жауап берді. Қоғамдық бірлестік өкіл­дері сайлау барысының заңға сәйкес, барлық талаптардың сақталып өтуін қадағалайды. Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу тәртібі мен ережелерінің сақ­талуына да мән береді. Бүгін­де облыс бойынша 345 сайлау учаскесі тіркел­ген. Қоғамдық комиссия өкіл­дері өңірдегі әрбір учаскеде жұмыс істейді. Ол үшін ерікті-байқаушылардан құ­ралған 345 адам жұмысқа тар­тылған. Байқаушылардың барлығы нақты оқудан өтіп, белгіленген семинар-тренингтерге қатысып, білім-білігі жетілдіріліп барып қана жұмысқа жіберіледі. Байқаушылар сайлау ко­миссияларының отырыстарына қатысып, сайлаушылар саны туралы нақты ақпарат алып, дауыс беру кезінде учас­ке басында жұмыс істеп, дауыс­тардың әділ саналауына атсалысып, жан-жақты жұмыс істейтін болады. Байқаушылардың жұ­мысы нәтижелі болуы үшін арнайы рейд ұйым­дас­тырылады. Со­нымен қатар, атқарылған жұ­мыс­тары туралы бұқаралық ақ­парат құралдары мен әлеу­меттік желілерде тұрақты жарияланып отырады. Тағы бір айта кетерлігі, бұл бір сайлаудың шеңберіндегі нау­қандық жұмыс емес. Қоғам­дық комиссия алдағы уақыт­та тұрақты жұмыс істеу­ге ниетті. Мысалы, келер жыл­ғы Мәжіліс сайлауы ке­зінде де өз міндеттерін атқар­мақ. Сондай-ақ, ТМД шең­беріндегі сайлауларға да бай­қаушыларын жіберіп, тәжірибе алмасуды көздеп отыр. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.