ПЕТРОПАВЛ. 19 мамыр. Солтүстікқазақстандық полицейлер екі жылқы мен бір құлынды көліктің тіркемесіне салып, із суытпақ болған мал ұрлаушыларды құрықтады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Красноярка ауылының тұрғыны Василий Калинин жабық қорада жемдеулі тұрған малдардың жылы орнын сипап қалып, бірде Соколовка полиция бөліміне хабарлайды. Оқиға орнына жеткен тергеу тобы ұрлықтың түнде болғанын анықтап, жедел іздеу шараларына кіріседі. Якорь ауылдық округ аумағында жылдам жүріспен облыс орталығына қарай зулап бара жатқан тіркемелі «ВАЗ» жеңіл көлігі тоқтатылып, тексеріп жібергенде ұрлық малдары сопаң ете түседі.
«Барымташылар – үшеу. Бұрын қылмыс жасағандары үшін екеуі сотталған. Олар қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды, – дейді полиция бекетінің бастығы Ғабит Бекжанов.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына барды
Президент • Кеше
Президент Мәскеуге жұмыс сапарымен барады
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Астанадағы жалғыз соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Тағзым • Кеше
Ақмола облысында батырларға арналған музей ашылды
Мәдениет • Кеше