АСТАНА. 26 тамыз. Кеше Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы кездесуін өткізді. Өз айдынында Магнитогорскінің «Металлург» командасын қабылдаған елордалықтар 1:2 есебімен есе жіберді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойынның алғашқы кезеңі тең жағдайда өрбіді. Қарсыластар алма-кезек шабуылдап, бірнеше қауіпті соққылар жасап көрді. Алайда, шешуші сәтте мүлт кетіп жатты. Ал 17-минутта «Барыстың» қарымта шабуылы өз нәтижесін беріп, айдын иелері есепте алға шықты. Шайбаның авторы – Константин Руденко. Гол соғылған сәтте екі команда да 4 хоккейшімен өнер көрсетіп жатқанын айта кетейік. Үзіліске дейін бұл есеп өзгерген жоқ.
Екінші кезеңде қонақтар басым болды. Оны осы кезеңде қақпаға бағытталған соққы санына қарап-ақ аңғаруға болады. Атап айтқанда, бұл кезеңде «Барыс» бес-ақ мәрте қарсыластар қақпасын нысанаға алса, «Металлург» ойыншылары 20 соққымен жауап қайтарды. Абырой болғанда, олардың біреуі де діттеген жерден табылмады. Оған қақпашымыз Ян Лацоның шеберлігі себеп болғанын айта кетуіміз керек. Нәтижесінде ойынның екінші бөлігінде есеп өзгеріссіз қалды.
Үшінші кезеңде Магнитогорскіден келген ойыншылар дегендеріне жетіп, біздің қақпаға екі бірдей шайба енгізді. Алдымен, 45-минутта Крис Ли мергендігімен көзге түссе, арада 9 минут уақыт өткенде Войтек Вольски есепті еселеді. Ойын соңына дейін таблодағы нәтиже өзгермей, «Метталлург» 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Матч барысындағы кейбір статистикалық көрсеткіштерге назар аударайық. Қақпаға жасалған соққы жөнінен қонақтар екі есе басым болды. 60 минуттың ішінде «Барыс» 22 соққы жасаса, «Металлург» 41 мәрте Лацоның иелігін нысанаға алған. Қос команданың да айып уақыты 4 минутты құрады.
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы келесі кездесуін 27 тамызда тағы да өз айдынында өткізеді. Ерлан Сағымбаев жаттықтыратын жасақ ол ойында Уфаның «Салават Юлаев» командасымен күш сынасады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcbarys.kz.

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35