01 Сәуір, 2015

AҚШ-та миллиардердің немересі үйінен өлі күйінде табылды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
эндрюАЛМАТЫ. 1 сәуір. AҚШ мұнай компанияларының негізін қалаған миллиардердің немересі әрі мұрагері Эндрю Гетти Лос-Анжелестегі үйінен өлі табылды. Бұл туралы аzattyq. org хабарлады. Оның жансыз денесі ваннада түні бойы жатқан. Тергеу басталды. Эндрюдің ата-анасы тілшілерге тосын оқиғадан естерін жиған соң, өздері мәлімет беретіндеріне сендірді. Айта кетейік, Эндрюдің атасы Джон Пол Гетти 1960 жылдары АҚШ-та бірнеше мұнай өндірісінің басын біріктіріп, Getty Oil компаниясын құрған елдегі ең бай адам саналды. Ол әлемдегі атақты Гетти өнер музейінің қорын құрушы болып табылады. Талғат Сүйінбай Дерек: аzattyq.оrg. Сурет: gazeta.ru. A