АСТАНА. 1 сәуір. Қызылорда облысы Сырдария аудандық прокуратурасы «Өркен-Сырдария» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндае Еңбек кодексі талаптарының қолданылуына байланысты тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру барысында жұмыс беруші мен 103 жұмысшы-қызметкер араларында жасалған еңбек шарттарында соңғыларға еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзгеде шарттары, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары, еңбек шартын өзгерту тәртібі, сақтандыру жөніндегі талаптары мен шарттардың реттік нөмірлері көрсетілмей, заң талаптарының бұзылуына жол берілгені анықталды.
Сонымен қатар, жұмыс берушімен қарауыл және еден жуушы қызметкерлердің бір айлық жалақысының мөлшері «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның 10-бабында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен (19 966 теңге) кем, яғни 18 660 теңге мөлшерінде белгіленіп, заң талаптары бұзылған.
Сондай-ақ, тексеру барысында жұмыс берушімен қарауыл болып жұмыс істейтін 3 қызметкерге 2014 жылы олардың түнгі уақыттағы жұмыстары үшін қосымша ақы төленбей, Еңбек кодексінің 23-бабы 2-бөлігінің 19-тармақшасы мен 91-бабы 1-бөлігі талаптарының бұзылуына жол берілгені белгілі болды.
Бұл ретте, жұмыс берушімен еңбек шарттарында жұмысшы-қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелерінің белгіленуіне, сондай-ақ олардың қауіпсіздік пен тазалық талаптары жөніндегі мәселелері қарастырылмай, соңғылардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген.
Заңдылықты бұзушылықтарды жою мақсатында аудандық прокуратура «Өркен-Сырдария» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына 2015 жылдың 5 наурызында ұйғарым енгізіліп, қаралуы нәтижесімен жұмыс берушімен қарауыл қызметкерлерге олардың түнгі уақыттағы жұмысы үшін қосымша еңбек ақы есептеліп, төленіп, 103 жұмысшы-қызметкер араларында жасалған еңбек шарттары Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келтіріліп, соңғылардың конституциялық құқықтарының қорғалуына қол жеткізілді.
Жолдыбай Базар.
Дерек: Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.
• 01 Сәуір, 2015
Қызылорда облысында жұмысшылардың құқықтары қорғалды

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35