02 Сәуір, 2015

Шахзода өзінің қаза таппағанын дәлелдеп берді (видео)

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-04-15-Shahzoda_2

АСТАНА. 1 сәуір. Өзбектің белгілі әншісі Шахзода кеше өзінің жол-көлік оқиғасына түсіп қалып, қаза тапқаны туралы әлеуметтік желіге тарап кеткен қауесетті жоққа шығарды. Бұл туралы UZ24  хабарлады. Әнші Twitter-дегі микроблогына өз жағдайының жақсы екенін жазды. Ол сонымен қатар анықталмаған ақпарларды әлеуметтік желілер арқылы таратпауды өтінді.

01-04-15-shahzoda-2

Шахзожаның аварияда қазаға ұшырағаны туралы қауесет кеше Telegram-дағы мессенджер арқылы тарай бастаған екен. Бұдан мазасызданған әнші тілеулестері Инстаграмға жаппай хат жазып, шын мәнінде не болғанын сұрасып жатты. Ал әртіс өзінің әріптесі Шахзода Матчановамен бірге түскен суретін жариялап барып қана өз фанаттарын тыншытты. Ол мазасызданатын ештеңенің де болмағанын жеткізді. Бірақ біраздан кейін сурет жоғалып кетті. Мұрат Айтқожа. https://youtu.be/ahABzZ0QeYI