27 маусым күні аптап ыстық + 35-ті көрсеткен талтүсте М.Жұмабаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында ешкім күтпеген оқыс оқиға орын алып, осы маңай тұрғындарын біраз әлекке салды.
«Пицца Хаус» дәмханасы, шаштараз, балалар орталығы және бірнеше сауда нүктелері қоныстанған «Нұрпарк» ойын-сауық кешені көзді ашып-жұмғанша алапат өрт құшағына оранды. 4 сағаттан аса уақытқа созылған қызыл жалынды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел жетіп, 70-тен астам өрт сөндіруші мен 22 техника жұмылдырылды. Алайда, көтерілген желдің салдарынан тілсіз жау көрші орналасқан 5 қабатты тұрғын үйге ауыз салып, шатырды жалмап түсті. Абырой болғанда, ғимараттың қабырғалары ірі панельден тұрғызылғандықтан, аман қалды.
Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің белсене атсалысуымен 100-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерлерге шығарылды. Олардың арасында жас балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да болды. Пәтерлер газ, электр қуатынан ажыратылды.
Айтып келмес апат куәгерлерінің айтуынша, 3 қабатты кешен тамтығы қалмай жанып кеткен. Шамасы өрт ұшқыны сырты тез жанғыш материалдармен қапталған ағаш ғимараттың төбесінен тұтанған сыңайлы. Тұрғын үйдің шатыры түгелдей өртеніп, дәліздер, желдеткіштер, спутниктік байланыс қондырғылары қатты зақымданған. Терезе шыныларының күл-талқаны шығып, үңірейіп тұр. Бұл үйге осыдан екі жыл бұрын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізіліпті. Енді қайтпек керек? Ай сайын жүйелі төленіп келген несиенің желге ұшқаны ма? Тұрғындардың қатты қиналған тұсы осы болды.
Араға күн салып, оқиға болған жерге аймақ басшысы Ерік Сұлтанов келіп, тұрғындармен кездесті. Жағдаймен жете танысқанын, тұрғын үйдің шатыры мен дәліздерін жөндеу жұмыстарына жергілікті қазынадан 25 миллион теңге бөлуге тапсырма бергенін жеткізді. Тілсіз жаудан қатты жапа шеккен 13 пәтер иелеріне 139 мың теңге мөлшерінде көмек қарастырылатын болды.
– Жеке меншік иелеріне тиесілі ғимараттағы өрттің себептері зерттелуде. Оның нақты қорытындысы сараптамалардан кейін белгілі болады,– деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметінің жетекшісі Евгений Журавлев.
Өмір ЕСҚАЛИ
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Кеше