ПЕТРОПАВЛ. 21 мамыр. Ресейдің Новгород және Тула облыстарында болып, дәстүрлі «Еске алу вахтасынан» оралған «Саланг» және «Поиск» әскери-патриоттық клубтардың өкілдері брифинг өткізді. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.
Аталмыш клубтар «Еске алу вахтасы» экспедициясына 1989 жылдан бері үзбей қатысып келеді. Бұл жолы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне өткізілген айтулы шара барысында бір айға жуық қазба жұмыстары жүргізіліп, қан майданда хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлер мен офицерлердің мәйіттері іздестірілген.
«19 сәуірде экспедицияға аттанып, олжалы оралдық. 577 боздақтың сүйегі табылып, 13-нің медальоны оқылды», дейді Петропавл қаласы білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық орталығы директорының орынбасары Владимир Юрченко.
«Поиск» іздеу жасағының жетекшісі Андрей Кошелев Тула облысына қарасты Березов ауданы аумағында 61 жауынгердің сүйегін тауып, екеуінің аты-жөндерін анықтағандарын, кейін Замарин деген қатардағы сарбаздың туған-туыстары табылғанын жеткізді.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 21 Мамыр, 2015
Солтүстік Қазақстанның іздеу топтары 577 жауынгердің сүйегін тапты

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше