ПЕТРОПАВЛ. 21 мамыр. Еуропаның шығыс өңірінен соққан күшті циклон Қызылжар өңірін де үлкен әбігерге салды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары хабарлады.
Секундына 29-31 метр жылдамдықпен екілене, еліре соққан жел емен ағаштарды тамырымен жұлып әкетіп, көшелерді әп-сәтте жайратып салды. Ауа райы күрт төмендеп, қысқы бақтың шатыры қаңбақша домалап түсті. Бірнеше көліктің үстіне ағаштар құлап, қатты зақымданды. Облыс орталығындағы Тоқсан би көшесінде электр бағаналарына нұқсан келіп, жарық беру тоқтатылды.
Тимирязев, Шал ақын аудандарында желдің жылдамдығы секундына 30-31 метрге дейін жетті.
«Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінен жеткен циклон жайлы алдынала ескертілгенін қарамастан, оның күші біз күткендегіден де асып түсті. Әйтеуір, адам шығыны жоқ. Мұндай қолайсыз жағдай алда қайталанады деп күтілуде», дейді «Қазгидромет» РМК жергілікті филиалының бөлім бастығы Гүлзат Ғазизова.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
Сурет: egemen.kz

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше