ҚЫЗЫЛОРДА. 21 мамыр. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы білім басқармасымен бірге аймақ мектептері оқушыларының арасында кәсіби бағдар беру шараларын жалғастыруда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-11 сынып оқушылары облыстық телекоммуникация дирекциясы мекемесінің жұмысымен танысты. Оқушылар iD Center-де болып, телекоммуникация саласындағы заманауи, сұранысқа ие мамандықтар жөнінде мағлұматтар алып, жаңа технологияларды пайдалану арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға болатынын білді.
iD Center – тұрғындардың «Қазақтелеком» АҚ жоспарлап отырған жаңа технологиялар, қызмет көрсетулер мен сервистер туралы ақпараттандырылуын арттыратын бірегей жоба.
«Бүгін біз интернет желісі және «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметтері туралы көптеген мәліметтер алдық. Әсіресе, бізді «iD Net» жоғары жылдамдықты интернет желісінің қызметі қызықтырды», – дейді оқушылар.
Кездесу соңында мекеме қызметкерлері оқушыларға жаңа ақпараттық технологиялық саласына қатысты интеллектуалдық ойындар ұйымдастырып, белсенді қатысушыларға «Қазақтелекомның» атынан сыйлықтар табыс етті.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 21 Мамыр, 2015
Мектеп оқушылары «Қазақтелекомның» жұмысымен танысты (фото)

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше