Кеше Катар астанасы – Доха қаласында өткен бокстан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл сында 69 килоға дейінгі салмақта ел намысын қорғаған боксшымыз Данияр Елеусінов пен аса ауыр салмақтағы саңлағымыз Иван Дычко (+91 кг) күміс медальға қол жеткізді. Елеусінов финалда марокколық Мохаммед Рабиге есе жіберсе, Дычконың француз Тони Йокаға шамасы жетпеді. Сондай-ақ, Данияр келесі жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиалық ойындарға жолдама алды. Осылайша, Қазақстан XVIII әлем чемпионатында екі күміс медаль және бір Олимпиада жолдамасын иемденді.
Финалдық жекпе-жекте марокколықтың біздің боксшыдан басым болғанын мойындауымыз керек. Биылғы чемпионаттың басты жаңалықтарының бірі болған Мохаммед Раби Даниярдың атақ-даңқынан еш қаймыққан жоқ. Алғашқы секундтардан бастап алға ұмтылған ол бірінші және екінші раундтарда үш төрешіден де жоғары ұпай алды. Ал жекпе-жектің соңғы бөлігінде бір төреші қазақстандықтың жеңісін тіркегенімен, жалпы есепте африкалықтың мерейі үстем болды. Осы ретте Мохаммед Рабидің Мароккодан шыққан бокстан тұңғыш әлем чемпионы екенін атап өткен жөн.
Сонымен, бүгінде Қазақстан қоржынында бокстан төрт жолдама бар. Елеусіновтен бөлек Біржан Жақыпов (49 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг) және Василий Левит бұған дейінгі жарыстарда жолдамаға қол жеткізген болатын.
Айта кетейік, Қазақстан Катарға сегіз боксшы алып барды. Қайрат Ерәлиев (56 кг) пен Зәкір Сафиуллин (60 кг) алғашқы жекпе-жектерінде есе жіберсе, Олжас Сәттібаев (52 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Василий Левит (91 кг) ширек финалдан аса алмады. Осыған дейінгі 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында боксшыларымыз 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншілеп, командалық есепте топ жарған еді. Сол кезде Данияр әлем чемпионы атанып, Иван финалда сүрінді.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше