Бүгінгі күндері орын алып отырған экономикалық саясат жаңаша ойлаудың нәтижесінде дүниеге келіп отыр. Және оны дұрыс жүзеге асыруымыз қажет. Қазір бізге долларды пайдаланудан мейлінше алшақтау қажет, сондай-ақ, есеп-қисап барысында теңгені барынша көбірек қолдануға әрекет еткен жөн. Бұл ретте отандық өндірушілердің жұмысын жандандыруға оң әсер беретін факторларды ұтымды пайдаланып, еліміздің әрбір азаматы долларға дағдыланудың экономиканың ескіше ойлау жүйесі екендігін ұғынуы керек.
Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Тау-кен және тау-металлургия кәсiпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, Үкімет Түркия, Бразилия, Ресей, Австралия секілді елдердің тәжірибесін есепке ала отырып, іс-шаралар кешенін әзірлеуде. Солардың бірі табиғи монополия тарифтерінің өсуін тоқтату немесе бір қалыпта ұстап тұру болып табылады. Сондай-ақ, оның айтуы бойынша, Ресейде рубльдің төмендеуі кезіндегі қиын ахуалда олар бірінші кезекте табиғи монополиялардың мультипликативті әсерін төмендетті. Яғни, олар газ, мұнай және теміржол тасымалына қатысты қызметтердің тариф өзгерістерін бір жылға кейінге қалдырды. Бұл ретте Н.Радостовец осындай шараны біздің елде қолдану керектігін көлденең тартты. Ол осы тұста KEGOC компаниясының 1 қазаннан бастап тарифтерін 17 пайызға көтеру жөнінде өтінім тастағанын тілге тиек ете отырып, бұл орайда «Қазақстан темір жолы» компаниясы да бағаны көтеруді ойластырып отырғандығын атап айтты.
Осы мәселе төңірегінде Үкімет тарапынан мұндай компанияларға көмектесу шаралары қарастырылып, басты міндет бойынша олардың бағаларды қымбаттатуына жол бермеу керектігін тұспалдады. Және де ол бизнестің инфляциялық болжам аясында бағаны көтермеуі тиістігін жеткізді.
Сонымен қатар, Н.Радостовец инфляциялық таргеттеу тәсілі ел экономикасының дамуына серпін беретіндігіне назар аударды. Аталған әдістің бірқатар елдерде қолданыста болғандығын атай келе, Түркияның осы арқылы жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Бұл мемлекет iшкi сұранысты ғана қанағаттандырып отырған жоқ, Түркия әлем бойынша ең қажетті сұранысқа ие тауарлар мен қызметтердi экспорттайтын ел. Оның жеңiл өнеркәсiбi де, машина мен кеме жасау саласы да орнықты дамыған, дей отырып ол Түркияда инфляцияның жоғары болғандығын атап өтті.
Сондай-ақ, металлургия саласында көңiл көншiтерлік болжам байқалмай отырғандығын атай келе, өткен жылы осы салада төменге құлдилаған баға биылғы жылы өседi деп болжанғанын жеткізді. Дегенмен, шын мәнiнде металлургия мәселесіндегі дағдарыс біздің елде ғана ғана емес, халықаралық деңгейде болып отырған ахуал екендігін көлденең тартқан ол, барлық жерде бағаның төмендеуі көрініс тауып отырғандығын түсіндірді. Бұл ретте халықаралық сарапшылардың болжауынша алдағы 1-2 жылда күпті көңілді қуантарлық жағдайдың орын ала қоймайтындығын тұспалдай келе, осы мәселеде Үкіметтің қолдауы аса қажеттігін атап өтті.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22