Кеше қала күні мерекесіне орай елордада дәстүрлі «Кондитерлер фестивалі» өтті. Тәтті тортты кім жақсы көрмейді дейсіз? Конгресс-холл сарайына жиналған қала тұрғындары мен қонақтарына 14-тен астам кондитерлік өнім шығаратын кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.
Жоба мақсаты − кондитерлік кәсіби шеберлікті шыңдай отырып, аспаздардың тәтті тағамдар дайындаудағы қарым-қабілеті мен мүмкіндіктерін көпшілікке кеңінен таныстыру, дәріптеу. Ал, ұйымдастырушылардың пікірінше, фестиваль қоғамдық тамақтану саласында мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға сеп болмақ.
Торттар − тәтті пирогтар түрі. Италияда шығарылған. Италия тілінде кондитер дегеніміз − торт дайындаушы − тортайо деп аталады. Торттар − әртүрлі пішінде дайындалатын өнім. Әрбір торттың басты ингредиенті − крем. Сол кремнен сан алуан бейнедегі, тіпті, адам санасына сыймайтын тәттінің небір атасы жасалады.
Жасыратыны жоқ, кейде адамның ұшқыр қиялы мен алтын уақытын жұмсаған үлкен еңбегін бір демде тамсана жеп қоюға дәтің бармай тұрады. Кейде, онысын кәдесый – ескерткішке балап, кесуге батылың жетпей жататын сәттер көп. «Кондитерлер фестивалі» аясында Астананың әсемдігін айшықтаған, сосын Елорда символы – қар барысы, «Жайлау» көріністерін паш ететін торттар көпшілік назарын анадайдан өзіне аударады. Бұл жолы да тәттіден бас тартпайтын жұртшылық оларға өз таңдауларын жасап жатты. Сондай-ақ, мерекелік шара шеңберінде арнайы мамандардан комиссия құрылып, олар да аспаз еңбегіне оң баға берді.
Байқау қорытындысына сәйкес «Үздік мерекелік торт» аталымын «Апрель-2030» ЖШС, «Тәтті туынды» аталымын «Мадлен» ЖШС, сондай-ақ, «Тәттілер патшасы» аталымы бойынша «Lucky café» кәсіпорны жеңімпаз атанып, әрқайсысы плазмалық теледидар иеленді.
Байқауға қатысқан басқа да үміткерлерге бағалы сыйлықтар тарту етілді. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
журналист.
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

ҚазҰУ зерттеушілері Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасын қолға алды
Экология • Бүгін, 19:21
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29
Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54