АСТАНА. 11 наурыз. «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Сaliphate book деп аталатын Facebook әлеуметтік желісінің баламасын жасап шығарды. Бұл туралы reuters.com хабарлады.
Сaliphate book сөзі «халифат кітабы» деген мағынаны білдіреді. Аталмыш желі техникалық ақауларға байланысты әзірге жұмысын тоқтатып тұрған көрінеді. Желі ашылған сәтте бірнеше адам оған тіркеліп үлгеріпті.
Оны құрастырушылардың айтуынша, әлеуметтік желі Twitter және Facebook желілерінде алмасуға болмайтын ақпараттарды қабылдап, жіберу үшін ашылған. Бұл сайт испан, голланд, португал, ағылшын, түрік, индонезия және яван тілдеріне аударылыпты.
Портал әдеттегі әлеуметтік желі сияқты, бірақ онда «Ислам мемлекетінің» логотипі бар. Ол танымал SocialKit платформасында жасалған. Мамандар Сaliphate book желісінің Ирактың Мосул қаласында тіркелгенін, бірақ мысыр серверлерін қолданатынын анықтады.
Желіні құрастырушылар өздерін «Ислам мемлекеті» қаржыландыратынын мәлімдеген. Олар сондай-ақ, осы желіні жасау арқылы өздерінің әлеммен бірге дамып келе жатқандарын да дәлелдейтіндерін жеткізген.
Жолдыбай Базар.
Дерек: reuters.com.
Сурет: haggin.az.
• 11 Наурыз, 2015
«Ислам мемлекеті» Facebook тәрізді әлеуметтік желі жасады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17