АСТАНА. 11 наурыз. Полицейлердiң мәртебесi мен оның азаматтар алдындағы жауапкершiлiлiгiн арттыру қажет. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVI съезiнде мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
«Полиция қоғамның сенiмiнен шығуы керек. Қазiр қоғам жол-патрульдiк қызметтiң офицерi жол ережесiн бұзғаны үшiн әкiмге немесе министрге айыппұл салатынына сенбейдi. Мен Қасымов /Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов-ред./ туралы тiптi, айтпай-ақ қояйын. Мысалы, жақында АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Джон Керримен бiр оқиға болды. Оған өз үйiнiң алдында қарды уақытылы тазаламағаны үшiн айыппұл жазып берген. Оның баспасөз хатшысы айыппұлды төлейтiндiгiн мәлiм етiп үлгердi», – дедi Президент.
Осы орайда Н.Назарбаев бiрқатар тапсырмалар бердi.
«Сондықтан, полицейлердiң мәртебесi мен оның азаматтар алдындағы жауапкершiлiлiгiн арттыру қажет. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ететiн шаралар жиынтығын жасақтау, ақпараттық технологиялардың дамыту, бейнерегистраторлармен қамтамасыз ету қажет. Полицияға кәсiби-психологиялық iрiктеудiң жаңа жүйесiн жасау маңызды. Полицей бiлiктiлiгiн анықтау бойынша сынақтар өткiзiлiп отыруы шарт», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 11 Наурыз, 2015
Президент: «Полицейлердің жауапкершiлiлiгiн арттыру қажет»

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше