АСТАНА. 11 наурыз. Алматы қаласы Наурызбай ауданында 4 қабатты үй өртенді. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, таңғы сағат 9-да қалалық төтенше жағдайлар департаментіне Наурызбай ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің шатыры жанып жатқаны туралы ақпарат түседі. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сағат 9:54-те өртті өшірген. Кейін белгілі болғандай, үйдің 450 шаршы метр аумағы өртенген. Тілсіз жаудың бетін қайтаруға өрт сөндіру қызметінің 10 техникасы жұмылдырылған.
Қазір оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр. Қала әкімшілігі зардап шеккен отбасыларға уақытша орналасатын жай тауып беруді қарастыру үстінде.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «Алматы» телеарнасы.

Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Кеше