АТЫРАУ. 22 мамыр. Атырау облысында тағы қара балықтардың қырылу дерегі анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұған дейін қара балықтардың қырылу дерегі Жайық өзеніне құятын арналарда байқалған еді. Ал бұл жолы балықтар Құрманғазы ауданындағы Атөткел өзегінде өлгені белгілі болып отыр.
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының басшысы Мұрат Ермекқалиевтың жергілікті «Ақжайық» газетінің тілшісіне берген мәліметінше, балықтардың өлуі 12 мамырда болған. «Сол кезде Қиғаш өзенінде су деңгейі көтеріліп, Атөткел өзегіне сумен бірге балықтар да кірген. Алайда, өзек суы тез тартылып, топыраққа сіңіп кеткен. Осының салдарынан су мен ауаның жетіспеген балықтар қырылған», – деп жорамал жасайды басқарма басшысы.
Басқарма инспекторлары сараптама жүргізу мақсатымен судан және балықтардан сынамалар алды. Аталған өзекте 21 мыңнан астам, яғни, 2,5 тоннадай ұсақ балықтардың қырылғаны белгілі болып отыр.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше