АСТАНА. 22 мамыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы ашылған Өзен-Берекет-Горган теміржолының арқасында еліміз Иранға экспорттайтын астық мөлшерін бес есеге ұлғайтатынын мәлімдеді. Бұл туралы ИА «Новости» хабарлады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында: «Аталған теміржол магистралы отандық тауарды Таяу Шығысқа экспорттауға үлкен мүмкіндік береді. Қазақстан енді Иранға жеткізетін астықтың мөлшерін бес есе ұлғайтатын болады»,–деді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы бірер жылда осы теміржол желісі арқылы шет елдерге экспортталатын отандық тауарлар көлемі 10 миллион тоннаға жететінін айтты.
Айта кетейік, еліміздің ауылшаруашылық министрлігі осы жылы Иранға жеткізілетін астық мөлшері екі есеге артады деп болжаған болатын. Алайда, Қазақстан 1-сәуірге дейін Таяу Шығысқа 17,9 тонна астық экспорттаған.
Талғат Райымбек.
Дерек: ИА «Новости».
Сурет: thenews.kz.
• 22 Мамыр, 2015
Қазақстан 2015 жылы Иранға астықты бес есе мөлшерде экспорттамақ

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше