ТАРАЗ. 11 наурыз. Биылғы жылғы 10 наурызда «Қордай» кеден бекетінің жолаушылар терминалында героин алып өтпекші болған қырғыз азаматшасы ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Қордай» кедені басшысының орынбасары Бекен Нұрахметов хабарлады.
Осы күні кешкі сағат 8-дер шамасында кеден бекетінің жетекші маманы Марат Имақов қырғыз азаматшасының картон қорапқа оралған қол жүгінің ішінен бірнеше күдікті қара затты байқап қалады. Қол жүгінің іші төсек жабдықтарымен сығымдалып, тығыз байланып тасталған екен. Оперативті түрде қол жүгін ашып тексеру кезінде қораптың ішінен қара түсті, скотчпен қапталған және өзіндік исі бар 8 дана орама шықты. Дереу жасалған химиялық сараптама нәтижесі аталмыш күдікті заттың жалпы салмағы 1897,01 грамды құрайтын аса ірі көлемдегі героин екенін анықтады.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 286 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал өзінің қызметтік парызын адал атқарып, ерекше қырағылық танытқан кеден қызметкері Марат Имақов болса кеден басшылығы тарапынан марапатқа ұсынылды.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Қордай» кедені.
Сурет: province.ru.
• 11 Наурыз, 2015
«Қордай» кеден бекетінде қырғыз азаматшасы героинмен қолға түсті

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше