АТЫРАУ. 22 мамыр. Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығымен Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Дияс Жәнібеков тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа басшы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, экономист және құқықтану мамандықтарын меңгерген. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Италия астанасы – Римдегі «Ла Сапиенца» университетінде білімін жетілдіріп, әлеуметтік ғылымдар және гуманитарлық қатынастар магистрі атанған.
Еңбек жолында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде департамент директорының орынбасары, Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, Индустрия және сауда министрлігінде бас сарапшы секілді лауазымды қызметтер атқарған. Соңғы үш жылдан бері Атырау облысы әкімі аппаратында инвестиция және жаңа технологиялар бөлімінің басшысы болды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, сурет:egemen.kz.
• 22 Мамыр, 2015
Атырау облысында департамент директоры тағайындалды

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше