Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының игі бастамасымен Бахрейннен қасиетті Кұран Кәрім жеткізілген болатын. Осы ізгі бастаманың негізінде облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде мұсылман баласының жарық нұры, қасиетті кітапты барлық мешіттерге тарату рәсімі болды. Онда «Құран Кәрім» кітабы өңірдегі әр мешітке 15 данадан, қосымша өкілдерге келешек ашылатын мешіттер үшін 1000 данадан және ҚМДБ-ның қызметкері Сабит Ибадуллаевтың еңбегімен жарық көрген «Құран және мағыналық аудармасы» атты кітабы тегін үлестірілді.
Аталған шара барысында Ақтөбе облыстық орталық мешітінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлы жиналған имамдар қауымына сөз арнап, бұл қасиетті «Құран Кәрім» барша аймақтың мұсылман қауымына берілген ерекше тарту, теңдесі жоқ сияпат екенін, сыйға тартылған Құран әрбір мешіттің сөресінде міндетті түрде жамағат пайдасы үшін тұруы тиістігін жеткізді.
Әлемде ең көп оқылатын, оқылуының өзі құлшылық болып саналатын, әр әрпіне сауап жазылатын, қанша оқысаң да жалықтырмайтын, сыры, хикметі мен даналығы таусылмайтын кітап – Құран екен. Құран адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза болып табылады. Құран – соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, тура діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адамның бүкіл болмысымен өзгергенін байқайсың. Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты.
Бахрейндегі Құран тарату қайырымдылық ұйымының ұйытқы болуымен халықтың ислами сауатын көтеру мақсатында Құран және оның әртүрлі тілдердегі аудармасы бұған дейін Палестинада – 250 000, Камерунда – 200 000, Йемен, Египет, Уганда, Испания, Филиппин және Шри-Ланка мемлекеттерінің әрқайсысында 100 000 данадан үлестірілген екен. Міне, енді Қазақ еліне де бұл үрдіс жетіп, халықтың діни сауат ашуына көмегі тиетін болды. Мұның өзі сауапты іс екені сөзсіз.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17