халықаралық медальмен марапатталды
Көкшетау қаласындағы «Алтын бала» балабақшасының меңгерушісі Гүлжан Ержанова Сочиде өткен халықаралық педагогтар слетінен еліміздің абыройын көтеріп оралды. Ұстаздардың VІ халықаралық слеті мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының ІІ халықаралық слетіне қатысқан жерлесіміз саланы дамытудағы үздік көрсеткіштері мен озат тәжірибелері және бала тәрбиесіндегі тың әдістемелері үшін арнайы дипломмен, Алғыс хатпен, лауреат кубогы және Халықаралық білімді дамыту академиясының медалімен марапатталды.
«Мәскеулік кәсіпкерлер ассоциациясының», Халықаралық білімді дамыту академиясының, қоғамдық ғылымдар академиясының бастамасымен шақырылған халықаралық жиындардың мақсаты білім беру мекемелерінің деңгейін көтеру, ТМД аумағындағы білікті ұстаздардың кәсіби шеберліктерін ұштау мен тәжірибелерін насихаттауды көздейді.
Слет қатысушысы Гүлжан Шахманқызын құттықтағанымызда, ол: «Балалар – еліміздің болашағы. Сәбилер жүрегіне кішкентайынан жақсылықты, елге, жерге деген сүйіспеншілікті ұялатып, үйрету парызымыз. Біздің ұжым ең мықты деген тәжірибиелі ұстаздардан тұрады, сондай-ақ, балабақшада әдіскер-тәрбиешілер, музыкалық жетекші, мейірбике, педагог-психолог, дене тәрбиесінің нұсқаушылары жұмыс істейді», деді.
Балабақша тәрбиеленушілері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім алады. Мұнда балалар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. №10 «Алтын бала» балабақшасы алдағы уақытта облыстық деңгейде педагогикалық тың жобаларды енгізудің тірек алаңына айналу бағытында жұмыс істейтін болады.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17