Елдікті мұрат тұтқан «Егемен Қазақстан» газетінің белді қызметкері, бас редактордың орынбасары, қарымды қаламгер Сейфолла Шайынғазыны асқаралы 60 жасқа толғанымен Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов өзінің және өңір халқының атынан құттықтады. Құттықтауды облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Есжанов газет ұжымына келіп, үлкен құрметпен жеткізді.Осыған орай өткен мерейлі шарада «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов Қостанай облысының әкіміне ризашылығын білдірді, Сейфолла Шайынғазының қазақ журналистикасының қара шаңырағындағы жемісті еңбегіне тоқталып, алдағы шығармашылығына табыс тіледі.
Қостанай халқы мен әкімінің жылы ілтипатын жеткізген Сайлаубек Ерғазыұлы ұжым алдында құттықтау хатын оқып берді. Онда қаламгердің ел алдында атқарған қызметтері айтыла келіп: «Бай тәжірибеңіз, жан-жақты білімділігіңіз, тамаша іскерлік қасиеттеріңіз сізді лайықты абырой-бедел мен құрметке бөледі. Нәтижесінде, көп жылғы жемісті еңбегіңіз бірқатар наградалармен атап өтілді, ал ең бастысы, жерлестеріңіз сізді шын жүректен құттықтайды», делінген.
Өз кезегінде облыстық мәслихат хатшысы қаламгердің Қостанай, Торғай облыстарында атқарған қызметтері мен шығармашылығы жөнінде әңгімелеп, «Жолайрық», «Көңіл көкжиегі», «Дүние дәурен» сынды бірқатар жинақтары жөнінде жылы пікірін білдірді.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10