Акцияның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысушыларды «Дабыл» нүктесі бар ұялы телефонмен қамтамасыз ету болып табылады. Кездесуде сөз алған қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева акцияға келген соғыс ардагерлерін алда келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, облыс орталығында небәрі 134 майдангер тұрады екен. Мерекеге дайындық барысында тұрғын үйін жөндеуді, басқалай да әлеуметтік көмекті қажет ететін соғыс ардагерлерінің толық тізімі алынған. Мерекелік шаралар өтетін жерлер белгіленген, қаладағы Кеңес Одағының Батырлары мен «Даңқ» орденінің толық иегерлері атындағы көшелерді жөндеу, көріктендіру жұмыстары жүргізілетін болады.
«Еуразиялық Медиа-форум» халықаралық қорының өкілі Сабыржан Дәулетияров жеңісті жақындатқан қарт жауынгерлерді алдағы келе жатқан мерейлі мерекелерімен құттықтап, «Жеңіс.кz» сайты ашылғанын, сол арқылы жастарға Ұлы Отан соғысы және майдангерлер туралы толық ақпарат беруді жүйелейтіндіктерін жеткізді. Ал, «Өмір жолы» қоғамдық қорының директоры Ернар Нұрбеков ардагерлерге «Дабыл» түймесі бар ұялы телефонның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Соның өзінен кейінгі толқынның майдангерлерге деген құрметі ерекше екенін аңғартты. Бүгінде майдангерлер қатары сиреген, көпшілігі сырқат. Телефонның бір жақсысы – оны құлағы ауыр еститін, көзі көрмей қалған қарт жауынгерлер еркін пайдалана алады. «Дабыл» түймесін басса, ақпараттық дабыл Астана, Алматы және Қарағанды қалаларындағы операторларға түседі. Олар бірден соғыс ардагеріне жақын жерден шұғыл көмек бригадасын аттандырады. Ол осы уақытқа дейін 400-ден астам ардагерге көмек көрсетіліп, 3 майдангерді ажал аузынан аман алып қалғандарын айтып өтті. Республикалық көмек орталығы «ҚазТелеком» базасында жұмыс жасайды. Базада бүгінде жер басып жүрген 5083 қарт жауынгердің жағдайы түзілген карта бар, одан майдангерлер туралы барлық ақпараттарды табуға болады. Ұлы Отан соғысының ардагері, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Владимир Финютин майдангерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіп, денсаулықтарын түзеуді ұдайы назарда ұстап, қадағалап тұрған Елбасына, Үкіметке және жергілікті билікке ризашылығын білдірді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10