АСТАНА. 12 наурыз. Кәсіпқой бокста ұлт намысын абыроймен қорғап жүрген Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды. Соған байланысты қазақ боксшысы 23 наурызда колумбиялық Орландо Де Хесус Эстрадамен WBA Fedelatin тұжырымы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Қанаттың 23 наурызда жекпе-жек өткізетіні апта бұрын белгілі болған. Алайда, ол кезде қарсыласы ретінде басқа колумбиялықтың есімі аталды. Яғни, чемпиондық атақ үшін Қанат Карлос Кальван есімді боксшымен жұдырықтасуы тиіс еді. Десек те, келесі қарсыласы ретінде Орландо Эстрада болып бекітілді. Бұл боксшы осыған дейін 17 жекпе-жек өткізіп, соның 11-інде жеңіске жеткен. Алты айқасын тең аяқтаса, бір мәрте жеңілген. Он бір жеңістің тоғызы нокаутпен тіркелгенін айта кетейік.
Ал Қанат Ислам бүгінге дейін 18 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жетті. 15 айқасын мерзімінен бұрын аяқтады. WBA Fedelatin тұжырымы бойынша чемпиондық атақ әзірге біздің боксшыда. Сондай-ақ, бірінші орта салмақта бокстасатын Қанаттың WBC International Silve тұжырымы бойынша да чемпиондыққа таласатын мүмкіндігі болған. Әйтсе де, сол үшін жоспарланған тартыс өтпей қалды. Бұл айқаста қазақ боксшысы Аргентина сенім артқан Гуидо Николас Питтоға қарсы шаршы алаңға шығуы тиіс еді.
Қанат соңғы жекпе-жегін 2014 жылдың тамыз айында өткізді. Сол ұрыста боксшымыз колумбиялық Фидель Монтерросаны бесінші раундта құлатқаны есімізде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: youtube.com.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10