Білім және ғылым министрлігінде ведомство басшысы Аслан Сәрінжіповтің қатысуымен мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша еліміздің барлық облыстары, Астана мен Алматы қаласы білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен селекторлық есеп тыңдау басқосуы болып өтті.
Алдын-ала алынған мәліметтер бойынша, еліміздің барлық өңірлеріндегі мектептер оқулықтармен толықтай қамтамасыз етіліпті. Биылғы 2015-2016 оқу жылындағы оқу барысында 4, 5, 6 және 11-сыныптарға арналған қайта шығарылған оқулықтар пайдаланылатын болады. Ол оқулықтарды жергілікті атқарушы органдардың сатып алуы үшін өңірлік бюджеттен шамамен 13 млрд. теңге бөлінген. Облыстық және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларынан алынған ақпаратқа сәйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылыпты. Ал 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10-сынып оқушылары алдыңғы жылдары шыққан оқулықтармен қамтамасыз ету мектеп кітапханаларының қорынан жоспарлы түрде жүзеге асырылады.
Басқосу барысында министр барлық өңірлер оқулықтармен толықтай қамтамасыз етілгендіктен оларға жеке-жеке тоқталып өтпей, тек кемшілік орын алып, шағым түскен бірлі-жарым өңірлердегі жағдайларды сұрап білді. Мәселен, Ақтөбе өңіріндегі мектептер оқулықтармен 50% ғана қамтылыпты. Күні кешелер қиындыққа тап болған Алматы облысының Талғар ауданындағы жағдайдың түзелгені белгілі болды. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы №65 мектеп шағымының қанағаттандырылғаны айтылды. Шығыс Қазақстан облысының оқулықпен қамтамасыз етілуі 88%-ды құрап отырғаны мәлім болды.
Өңірлермен байланыста болған министр білім басқармалары өкілдеріне 1 қыркүйекке дейін барлық мектептердің оқулықпен қамтамасыз етілуі керектігін баса айтып, алдағы демалыс күндерінде баспа, оқулық дүкендерімен тығыз байланыста қарқынды жұмыс жүргізілуі керектігін ескертіп өтті. Сондай-ақ, оқулықтарды алдағы жылдарға сақтап отыратын мектеп кітапханасы қорының жұмысын назарда ұстау, дүкендердегі сатылып жатқан оқу құралдары бағасының қымбаттамауын қадағалау керектігін де назарға салды. Ал оқулықтармен қамтамасыз ете алмаған аймақтың тиісті басшыларына жергілікті әкімшілік тарапынан шара қолданылатынын жеткізді.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».

Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21