АСТАНА. 12 наурыз. Кеше түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалында екі ойын өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Бір қызығы, екі ойында да қызыл қағаз тіркеліп, футболшылар алаңнан қуылды. Дәл осы жайт жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсуде. Көпшілігі төрешілердің тым асыра сілтеп жібергенін айтуда. Тіпті кейбір жанкүйерлер ««Челсиге» төреші де көмектесе алмады. «Шын шеберге тұсау жоқ» деген осы», – деп қызыл қағаздың орынсыз болғанын сынға алуда.
Қалай десек те, болған іс болды, бояуы сіңді. Енді ПСЖ-ның ширек финалдағы алғашқы ойынына Златан Ибрагимович қатыса алмайды.
«Бавария» мен «Шахтер» (Донецк) арасындағы ойында бас қазы қалтасындағы қызыл қағазды 3-минутта-ақ пайдаланды. Өз айып алаңында Марио Гетцені шалып жыққан Александр Кучер денесі қызып та үлгерместен, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ол аздай бас қазы «Баварияның» пайдасына пенальти белгіледі. Бұл жерде де қызыл қағаздың әділ болмағаны айтылуда. Жанкүйерлер арасында «Сары қағазбен шектелсе де ешкім ренжімейтін еді. Тіпті мюнхендіктер де «неге қызыл қағаз емес?» деп шу шығармайтыны анық. Бірақ төрешінің ойы мүлдем басқа болып шықты», – деген сыңайдағы пікірлер туындауда. Сіз, қалай ойлайсыз, құрметі оқырман? Қызыл қағаз қаншалықты әділ болды?
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: twitter.com.
• 12 Наурыз, 2015
Кешегі ойындарда қызыл қағаз қаншалықты әділ болды? (видео)

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10