АСТАНА. 12 наурыз. Қазақстан кәсіподақтарының басшысы, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Әбілғазы Құсайынов президенттікке үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды. Бұл туралы bag.kz хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясына келген Әбілғазы Қалиақпарұлы журналистерге сұхбат беріп, бұл қадамға неліктен барғандығын және қандай нәтиже күтетіндігін әңгімелеп берді.
– Дауыс беру уақыты басталмайынша сайлаудың нәтиежелері туралы айту артықтау. Президент сайлауы – қоғамдағы өзекті мәселелрді көтеріп, әрбір азаматтың маңызды проблемаларына назар аударуға шақыратын шара. Мәселен, ол экологиялық және өндірістік қауіпсіздік сынды мәселелер болуы мүмкін, – деді Ә.Құсайынов.
Ә.Құсайынов 1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы Майөзек кентінде туған. Қарағанды тау-кен техникумының тау-кен факультетін (1971 ж.) техник-шахта салушы мамандығы бойынша; Қарағанды политехникалық институтының автожол факультетін (1981 ж.) инженер-механик мамандығы бойынша; Ресей басқару академиясының саясаттану факультетін (1992 ж.) саясаткер (әлеуметтік-саяси мәселелер және байланыс бойынша кеңесші) мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілінің әр жылдарында ол Экономика және сауда вице-министрі, Индустрия және сауда вице-министрі, Көлік және байланыс вице-министрі, Көлік және байланыс министрі, Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған.
Қазіргі таңда Әбілғазы Қалиақпарұлы Қазақстан кәсіподақтарының басшысы.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: bag.kz.
• 12 Наурыз, 2015
Қазақстан кәсіподақтары басшысы үміткерлікке құжат тапсырды

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10