АҚТӨБЕ. 12 наурыз. Ақтөбеде жол-көлік апатынан болатын адам өлімі азаяр емес. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті басшылығын жол-көлік оқиғасы салдарынан орын алған адам өлімі мәселесі ерекше алаңдатып отыр. Жыл басынан бері облыстың авто жолдарында болған апаттан 20 адам көз жұмды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп. Жүргізілген мониторинг нәтижесіне сәйкес ауыр зардаптарға алып келген жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібінің төмендігі, атап айтқанда, жылдамдық режимін бұзу, жолдың қарсы бағытына шығып кету, көлік құралын мас күйінде басқарудан екені анықталды.
Осыған байланысты Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында биыл облыс аумағында бес профилактикалық іс-шара өткізілді. Мысалы, 7-9 наурыз аралығында «Мас жүргізуші – қылмыскер» атты жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылып, соның нәтижесінде, жол қозғалысы саласында бір жарым мыңнан астам ереже бұзушылық анықталды. Соның ішінде, жылдамдық режимін бұзған 125 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлікті мас күйінде басқарған 51 жүргізуші ұсталып, жолдың қарсы бағытына шығып кетудің 5 дерегі анықталды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: today.kz.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10